Атырау, 24 қараша 22:05
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Порошенко Верховная Раданы таратып жіберді

1 898 просмотра

Фото: РИА НовостиФото: РИА НовостиАлматы. 26 тамыз. ҚазТАГ – Украина президенті Петр Порошенко кеше VII шақырылымдағы Украина Верховная Радасының өкілетін мерзімінен бұрын тоқтатты.

«Мен жетінші шақырылымдағы Верховная Радасының өкілетін мерзімінен бұрын тоқтатуды шештім», - делінген мемлекет басшысының сайтында жарияланған хабарда.

Жаңа парламенттің сайлауы қазанға белгіленген.

«Жаңа парламент сайлауы 2014 жылдың 26 қазанында өтеді», - деп атап өтеді президент.

Мемлекет басшысы шешімнің Украина Конституциясын «қатаң басшылыққа» ала отырып қабылданғанын тілге тиек етті.

Оның айтуынша «қоғамдық пікір сауалнамалары 80% азаматтардың кезектен тыс сайлау өткізу қажеттілігін қолдайтынын көрсетеді».

«Верховная Раданың қазіргі құрамы бір жарым жылдай Януковичтің тірегі болып келді. Және де дәл осы депутаттардың көпшілігі «О дүниелік жүздіктің» (Небесная сотня) өмірін қиған диктаторлық заңдар қабылдады. Ол үшін жауаптылыққа тартылулары қажет – қылмыстық та, саяси де. (...) Жалпы алғанда Верховная Рада құрамы украин қоғамының саяси көңіл-күйіне сай келмейді. Қоғамның лезде өзгергені соншалық, депутаттар оның тарихи қадамына ілесіп үлгере алмауда», - деп мәлімдеді президент.

П. Порошенко кезектен тыс сайлаудың қазіргі шақырылымдағы депутаттарынан елге деген жауаптылық жүгін еш түсірмейтінін атап өтті. Мұнымен қатар ол парламентарийлерді қыркүйек айында Еуропалық Одақпен ассоциация туралы келісімді ратификациялау күтіп тұрғанын еске салды.

«Президент ретінде сайлаудың адал, демократиялық әрі айқын өтетініне кепілдік беремін», - деп толықтырды мемлекет басшысы.

БАҚ-тар хабарлағандай, 24 шілдеде Рада спикері Александр Турчинов басқарушы коалицияның ыдырауы жайлы жариялады. Украина конституциясына сәйкес, егер бір ай ішінде коалиция қайта жасақталмайтын болса, ел президенті парламент өкілетін мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы.

Дереккөз: ҚазТАГ

26 тамыз 2014, 09:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.