Фото: talkofnaija.com«Исламистік лаңкестер тағы да халифат құруға әрекеттеніп жатыр» деп жазады «Правда.ру».
«Боко харам» радикалды тобының басшысы Абу Бакир Шекау Нигерияның солтүстік-шығысы Гуоза қаласында «Ислам халифаты» құрылғанын жариялаған. Көбінесе әскер, милиция және бейбіт тұрғындар мен дін басыларын басты назарға алу арқылы билікке қарсы соғыс ашып отырған «Боко харам» экстремистері осы айда Нигерияның солтүстігіндегі бірнеше елді мекенді бағындырып үлгерген. Гуозамен бірге Дамбоа және Бунди Яды қалалары да олардың қол астына өтті. Енді үкімет әскері экстремистер базасына қарсы ауқымды операцияны жүзеге асырмақ. «Боко харам» содырларының лаңкестік шабуылдарының салдарынан соңғы бес жылда 10 мыңға жуық адам құрбан болған.
Дереккөз: bnews.kz