Атырау, 27 қараша 13:40
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Ісіңді қалай бастадың?

2 577 просмотра

Жас кәсіпкер мектебі жеке бизнесіңді жасау және дамыту жөнінде тегін шеберлік дәрістерін өткізіп жатыр. «Бизнес на каблуках» деп аталатын алғашқы сабақ Х. Досмұхамедов атындағы АМУ-де болды.

«Атыраудағы жастардың бизнес жиынын» жасау идеясының авторы Ержан НҰРШАНОВТЫҢ айтуынша, ол көптен бері жас кәсіпкерлерді бейресми қоғамдастыққа біріктіруге құлшынып жүр екен:

- Бұл барлығымызға, бірге дамып-өсуіміз үшін аса қажет. Қараңыздаршы, мен 100 адамды білемін, сіз 100 адамды білесіз, егер екеуміз дос болсақ, бізде 200 клиент болады. Яғни, сіз бен біздің байланыстарымызды біріктірсек, екі есе табыс табамыз. Немесе, мәселен, мен есеп-қисап жүргізіп білмеймін, бірақ сайттар жасай аламын. Неге бір-бірімізге көмектеспеске? – дейді Нұршанов. Осынысымен ол жай ғана достық отырыстарының астарынан тегін іс-шараның коммерциялық құрамдас бөлігін де көрсетіп өтті.

- Тегін кездесулер ұйымдастыру қиын емес пе?

- Маған Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (ҰКП-дан келген демеушілер Нұршановқа жабдықтар алып берді) қолдау көрсетті, ал университет ректоры Бейбіт МАМЫРАЕВ тегін орынжай ұсынды. Мен осы жерде өз тренингтерімді (Нұршанов – бизнес тренер) өткіземін, алайда бизнестің қыр-сырлары туралы шеберлік дәрістерімді үнемі ұйымдастыратын боламын.

Алғашқылардың бірі болып өз шеберлік дәрістерін өткізуге екі ерікті ару қыз келісті: жеке меншік жылжымайтын мүлік агенттігінің басшысы Алина БОРАМБАЕВА мен Сән үйінің негізін салушы, дизайнер Айжан БОҚАЕВА (біз Қазақстанның олимпиада құрамасына арналған киім үлгілерінің үздік дизайны байқауының жеңімпазы туралы жазғанбыз) қаржылық тәуелсіздікке жету жолындағы қиыншылықтар туралы баяндап, тыңдаушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді, осы жолда ашқан құпияларымен, алдағы жоспарларымен бөлісті, байланыс телефондарымен алмасты. Нұршановтың теориясы жұмыс жасай бастаған сияқты.

Келесі шеберлік дәрісі 26 тамызда «Бизнес на кулаках» тақырыбымен өтеді. Оны спорттық дүкендер желісінің иесі Тарас ПОНОМАРЕНКО жүргізеді. Содан кейін компьютерге қызмет көрсету бизнесі, шаруа қожалығы, үйге арналған тауарлар дүкені желісінің және сайт жасаушы кәсіпорындар иелерімен кездесулер жоспарланған. Өткізу күні мен уақытын ұйымдастырушылар әлеуметтік желілер арқылы хабарлайды.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

25 тамыз 2014, 16:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.