Фото: rambler.ruАлматы. 21 тамыз. ҚазТАГ – Алматы мамандандырылған ауданаралық әкімшіліктік сотының қаулысымен жүкті әйел мен оның үш жасар ұлын қағып кеткен аудандық салық басқармасының экс-басшысы Бақыт Құрмашев 30 тәулікке қамалды, деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Қуандық Ешімет.
«Әкімшіліктік сот қаулысымен құқық бұзушы Б. Құрмашев ҚР ӘҚтК 467 б. 3 б. (көлік құрылғысын мас күйінде басқару), 468-1 (жол қозғалысы ережесін бұзу), 496 б. 2 б. (ЖКО орнын тастап кету) қарастырылған әкімшіліктік құқықбұзушылықтарды жасағаны үшін айыпты деп танылды», - деп хабарлады Қ. Ешімет бейсенбіде.
Одан басқа, Б. Құрмашев жеті жылдық мерзімге жүргізуші құқығынан айырылды.
Еске сала кетейік, 2014 жылдың 20 маусымында Б. Құрмашев Lexus автомобилін басқарып келе жатып, Алматыдағы Жансүгіров пен Жұмабаев көшелерінің бұрышында жүкті әйел мен оның үш жасар баласын қағып кетеді де, ЖКО орнынан ізін жасырады, бірақ оқиға куәгерлерінің көмегімен қолға түседі.
Аяғы ауыр әйел адам жамбас және қабырға сынығымен №4 қалалық ауруханаға жеткізілді, 3 жастағы балаға медиктер бас сүйегі негізінің сынуы диагнозын қойды.
21 маусымда Б. Құрмашев ұсталған болатын, қылмыстық іс бірден ҚК үш бабы бойынша қозғалды: 296 б. 1 б. (жол қозғалысы және көлік құрылғысын пайдалану ережелерін бұзу), 297 (жол-көлік оқиғасы орнын тастап кету) және 119 (қауіпте қалдыру). Тергеу басқармасының мәліметінше, жүргізуші көлік құрылғысын мас күйінде басқарған.
23 маусым күні тергеу оған қатысты қамау түріндегі бұлтартпау шарасын қабылдап, соттың оны санкциялау өтінішін қозғады.
24 маусымда Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің салық комитеті төрағасының бұйрығымен Б. Құрмашев Алматы облыстық Ұйғыр ауданы салық департаментінің салық басқармасы басшысы лауазымынан босатылды.
Дереккөз: ҚазТАГ
В Атырау -7