Атырау, 23 қараша 12:14
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Тас қашау шебері

4 952 просмотра

Амангелді ҚАЖЫБАЕВАмангелді ҚАЖЫБАЕВ.Амангелді ҚАЖЫБАЕВ. - тастан түйін түйген шебер. Ол былтыр несие алып, өзінің көптен бергі арманын іске асырды, мүсін жасау шеберханасын ашты.

Қажыбаевтың шеберханасы өрнекті қабырға жиектері мен неше түрлі оюмен оймышталған мәрмәр тастарға толған. Адамдар үйлерін безендіру үшін тапсырыс береді.

- Бұған дейін мен бір танысымның гаражын пайдаланып келгенмін. Енді басқа орын іздеп жүрмін. Менің арманым - арнайы цех ашу. Оның ішінде желдеткіші болуы тиіс, себебі, біз түрлі химиялық қоспалармен жұмыс жасаймыз, -дейді А.Қажыбаев.

Оның «біз» деп отырғаны - өзі және көмекшілер ретінде жұмысқа алған бірнеше кент тұрғындары. Оларға мәрмәр тастар жасаудың сырын үйретіп қойған. Мәрмәр тас жасау үшін жартылай фирмалық қарамайға мәрмәр ұнтақтары мен тастарды, бояу қоспаларын араластырып, оны қалыпқа құяды.

Тас қашау өнеріне Амангелді 90-жылдары Ақтау қаласында құрылыс саласының қыр-сырын меңгере бастаған кезде келеді. Кейін туған жеріне бүйрегі бұрып, Мақаттан бір-ақ шыққан.

- Құрылыс саласы тек тас қалап, майлап сайлау емес, мұнда әдемілік пен сұлулық қатар жүреді. Солғын үйдің қабырғалары мен бұрыштарын, бағандарды безендірсең, жайнап шыға келеді. Ал, оның тек өз қолыңда екенін ұғу мен үшін үлкен бақыт, дейді А.Қажыбаев.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

21 тамыз 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.