Атырау, 22 қараша 16:18
 ашықВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Чжан Цянның ізімен

2 781 просмотра

Сенбі күні Атырауға келіп жеткен «Жібек жолы» автораллиінің қатысушылары «Жайық-Ақпарат» баспасөз клубында баспасөз конференциясын өткізді.

19 шілдеде Қытайдың Сиань қаласынан бастау алған автораллиалдында60күннің ішінде бүкіл Еуразияны дерлік қамтып, Италияға дейін жол жүру мақсаты тұр. Автошеру құрамы, негізінен, қытайлықтардан құралған. Экспедиция басшысы Янь ВЭНМИН:

- Біздің топ құрамында 50 шақты адам бар, 16 көлікпен жүріп келеміз. Біздер саяхатымыздың 28-ші күні Қазақстан жеріне келдік. Екі ел басшысы Жібек жолын қайта жандандыру міндетін қойған еді, сол бойынша осы сапарды бастадық. Біздің мақсатымыз – ежелгі Жібек жолы бойымен жүріп, танысу, ежелгі қалалар мен шаһарлардың орнын тамашалау, ортақ тарихымызға жете үңілу, сонымен қатар, адамдармен танысу, өйткені, сауда-экономикалық, туристік байланыстарды бірге дамытуымызға тура келеді ғой.

Айтпақшы, Вэньмин мырзаның айтуынша, осы сапар туралы дайындалған деректі фильмдер мен репортаждар қазірдің өзінде «Синьхуа», «ССТV», «Феникс» арналары арқылы көрсетілуде.

Телекоммуникациялар университетінің проректоры Вань ДЖИбізге сапар барысында Қытай мен Қазақстаннан бөлек Өзбекстан, Ресей, Грузия, Греция, Түркия және Италия елдері арқылы өтетіндерін айтып берді.

- Ұлы Жібек жолы түрлі аралықтағы бірнеше маршруттар арқылы жүріп отырған. Біз жүріп келе жатқан маршрут ең қысқасы болып саналады. Жалпы ұзындығы 15 мың шақырымнан асатын жолдың қазір 8 мыңдайын жүріп өттік, - дейді Вань Джи. - Бір ерекшелігі, маршрут бойында Қазақстанға екі рет кіруге тура келеді екен. Оның кеңдігі сондай, оны айналып өту мүмкін емес. Біздіңше, бұл қазақ елінің Ұлы Жібек жолындағы маңызы мен тарихи орны ерекше екенін көрсетіп отыр. Сіздің кең байтақ ел сол ғасырда үлкен рөл атқарған.

Б.д. дейінгі 138 жылы Орталық Азияға барған қытайлық саяхатшы Чжан Цянның 67-ші ұрпағы Чжан Личжун саяхатқа шақырту алыпты.

- Біз тұратын Шаньси провинциясында менің арғы атама арнап тұрғызылған ескерткіш бар. Және ол кісі жазған шежіре де сақтаулы. Сол құжат бойынша ол кісінің тікелей ұрпағы екенімді дәлелдей аламын, - дейді Чжан Личжун.

Авторалли қатысушылары көне Сарайшық қаласында болып, кейін Ресейдің Астрахан облысына қарай жол тартты.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

21 тамыз 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.