- Мен университетті 2009 жылы тәмамдап, диплом алдым. Қазір жұмысқа орналасайын деп жатырмын, алайда дипломымды таба алмай, дал болудамын. Жоғалтып алған сияқтымын. Университеттен дипломның түпнұсқасын қалай алуға болады?
Телефон бойынша
Сауалға Х. Досмұхамедов атындағы АМУ-дің тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Аққали АХМЕТ жауап береді:
- Университет түлегі дипломның түпнұсқасын студенттер бөлімінен ала алады. Алайда, мұның алдында ол полицияға құжаты жоғалғаны жөнінде арыз жазып, газетке сәйкесінше хабарландыру беру керек. Содан кейін студенттік бөлімге ішкі істер органының анықтамасы мен газетке шыққан хабарландыруды көрсетуі қажет.