Атыраудың жекеменшік медициналық орталықтарында Ұлы Отан соғысы ардагерлерін тегін емдейтін болды.
14тамызда қала әкімі Нұрлыбек ОЖАЕВ 16 жеке меншік медициналық ұйыммен сәйкесінше меморандумға қол қойды. Жеңістің 70 жылдығына дайындық аясында дәрігерлер ардагерлерге тегін кеңес беру-диагностикалық қызмет көрсетуді, оларды емдеп, қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуді мойындарына алып отыр.
Қалалық ардагерлер кеңесінің мәліметтері бойынша, бүгінде облыс орталығында 56 соғысқа қатысқан адам бар. Олардың тек үштен бірі ғана өз беттерінше қозғала алады, ал қалғандары төсек тартқан немесе денсаулықтарының әлсіздігінен үйлерінен сирек шығады.
Зульфия ИСКАЛИЕВА