Ұлыбританияның 49 жастағы азаматы Эндрю РОБИНСОН Теңіздегі қызметтік жатақханадан өлі күйінде табылды.
Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, шетелдіктің мүрдесі 13 тамыз күні таңда табылған. Сот-медицина сараптамасы тағайындалды. Алдын ала жасалған нұсқа бойынша, өлімнің себебі – жүрек талмасы.
Біздің анықтағанымыз, Робинсон «Атырау-Болашақ» компаниясында Теңіздегі өндірістік операциялар менеджері болып жұмыс істеген. Оны өлі күйінде тапқан әріптестері екен. Олар жатақханаға оның неліктен жұмысқа шықпағанын білу үшін барған. Марқұмның денесі Теңізден Атырауға кеше түнде жеткізілген. Қайғылы оқиға туралы оның Ұлыбританиядағы отбасына хабар берілді.
Сәуле ТАСБОЛАТОВА