Атырау, 24 қараша 20:09
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жириновскийдің мәлімдемесі Варшавада үрей туғызып жатыр

2 023 просмотра

Польша сыртқы істер министрі Радослав СикорскиПольша сыртқы істер министрі Радослав СикорскиРесей Мемлекеттік думасының депутаты, ЛДРП партиясының лидері Владимир Жириновскийдің дүниежүзілік соғыста Шығыс Еуропаның жермен-жексен етілетіні туралы мәлімдемесі Варшавада үлкен үрей туғызып жатыр. Бұл туралы РИА «Новый Регион» хабарлады.

Бұрнағы күні Владимир Жириновский телеэфирде сөйлеген сөзінде бұрынғы кеңес блогынан шыққан «ергежейлі мемлекеттердің басшыларын» дүниежүзілік соғыс бола қалған жағдайда бірінші болып жойылып кетпес үшін «ақылға келіп», «өздерін қалай көрсетуді» үйренуге шақырған болатын. Болжам жасаушылар арасында баяғыдан кеңінен танымал болып жүрген (саясаткерлерден баспа фантаст-жазушыларға дейін) бұл болжам Польшада үрей туғызды. Осыған байланысты Ресейдің Варшавадағы елшісі Владимир Гринин Польша сыртқы істер министрлігіне шақырылып, одан Ресей депутатының құлаққағысына түсіндірме беру талап етілді.

Ресей депутаты Владимир Жириновский «Россия 24» телеарнасында жүргізілген хабар кезінде әлемдегі «соғыс пен бейбітшіліктің», әсіресе, Украинадағы жағдайдың барлық мәселесі бір ғана адамның – Ресей президенті Владимир Путиннің қолында тұрғандығын атап өткен болатын. Басқаша айтқанда, үшінші дүниежүзілік соғыстың басталуы туралы мәселеде бір ғана адам – тек Ресей лидері ғана біліктілік көрсетеді делінген.

Өз сөзінде Жириновский Прибалтиканың, Польша мен бүкіл Шығыс Еуропаның тұрғындарын «үлкен соғыс» бола қалған жағдайда олар тұратын аумақтар ұрыс қимылдары жүретін ең негізгі территория болмаған күнде де, ең алғашқы соққыны алатын аймақ болатынын қаперлеріне алуға шақырды.

«Мен оның (шешімнің) қабылданып қойылғанына сенімдімін. Ол Еуропадағы жұрттың түсінулері үшін: «Жігіттер, сендерге тағы да отқа оранған Еуропа керек пе?» деген сұрақпен біртіндеп айтылып жеткізіледі. Еуропалықтар мұны қаламайды. Ал Прибалтикадан не қалады? Ештеңе де қалмайды. Онда НАТО-ның ұшақтары, ПРО жүйесі тұр… Яғни, Прибалтика, Польша – тағдыры шешіліп қойылған жерлер, олар жермен-жексен етіледі. Енді ойлансын, осы кішкентай, ергежейлі мемлекеттердің басшылары! Өздерін қалай ұстаулары керек екенін… бәріне өздері кінәлі. Себебі, біз олардың территорияларынан Ресейге қарай зымыран-ұшақтардың ұшып шығуларына жол бере алмаймыз. Біз оларды ұшып шығуларына жарты сағат қалғанда құртып жіберуіміз керек. АҚШ-қа ешқандай қауіп жоқ, бірақ Шығыс Еуропа елдері «өздерін өздері толық жойып жібертуге мәжбүр етеді».

БАҚ-тар Польша сыртқы істер министрлігінің бұған қалай қарап жатқанын жазып жатыр. Сыртқы істер министрі Радослав Сикорски журналистердің «поляк сыртқы істер министрлігі Жириновскийдің сөздерін шынға балай ма?» деген сұрағына жауап бере келіп, оған шындық ретінде қаралып отырғаны сондай, Ресейдің Польшадағы елшісінің арнайы шақырылып, одан бұл жайды түсіндіріп беру талап етілгенін мәлімдеді.

Дереккөз: ras.kz

14 тамыз 2014, 17:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.