Атырау, 5 желтоқсан 09:38
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Қалада тапаншамен жүрген

2 359 рет қаралды

Тамыздың 12-сінен 13-іне қараған түні полицейлер Азаттық көшесі мен Атамбаев көшелерінің қиылысында қолында тапаншасы бар мас жігітті ұстады.

Бұл банктердің бірінде жұмыс істейтін 29 жастағы күзетші болып шықты. Наркологиялық диспансерде оған алкогольдік мастығы орташа дәрежеде деп жазып берді. Айыққан соң ол кезекшілікке түсісімен жұмыс үстелінде «кішкене ішіп алғанын», ал кейін «Байкал» табельді травматикалық тапаншасын алып, банк ғимаратынан серуендеуге шыққанын айтты.

ІІД баспасөз қызметінің басшысы Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, ол бұрын көлікті айдап кеткені үшін қылмыстық жауапкершілікке және қоғамдық орында мас күйінде жүргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Қару алып жүрумен байланысты жұмыстың оған өткеніне қарамастан қалай сеніп тапсырылғандығы түсініксіз.

Г.Мұхтарованың айтуынша, сот оны ұсақ бұзақылық жасады деп бағалап, үш күн әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза тағайындады.

Анастасия ПАСТУХОВА  

14 тамыз 2014, 16:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.