Атырау, 2 қазан 09:18
 ашықВ Атырау +25
$ 480.11
€ 532.25
₽ 5.14

Барсеткадағы героин

1 819 просмотра

Атырау тұрғыны таза героин түйіншегімен Алматыда кедендік тексеруден сәтті өтіп, есірткіні Атырауға дейін жеткізе алған.   

13 тамызда Атырау халықаралық әуежайының шыға берісінде  таңғы рейспен Алматыдан ұшып келген 51 жастағы Атырау қаласының тұрғыны ұсталды. Түйіншек тіпті мұқият жасырылмаған да, тек барсетканың белдігінде салбырап тұрған.  Есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері ер адамның күйгелектігінен күдіктенген. Ол полицейлердің заңсыз бір зат тасымалдап келе жатқан жоқсыз ба деген сұрағына бірден сөмкесінде героин барын мойындады.  

Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, түйіншектің ішінде 137 грамм салмағы бар героин болған. Ұсталған  азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК-ның 259-бабы 1-1 тармағы бойынша («Есірткі заттарды немесе психотроптық заттарды өткізу мақсатынсыз өте ірі мөлшерде заңсыз сатып алу, тасымалдау немесе сақтау») қылмыстық іс қозғалды.    

ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢайтуынша, бұл ер адам бұрын да қаруды заңсыз сақтағаны үшін және мал ұрлығы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Анастасия ПАСТУХОВА

14 тамыз 2014, 14:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.