Атырау, 26 желтоқсан 22:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 512.81
€ 604.19
₽ 6.57

«Премьердің Twitter-дегі соңғы хабарламалары шындыққа сәйкес емес» - РФ Үкіметінің баспасөз қызметі

1 535 рет қаралды

Фото: u-f.ruФото: u-f.ruАСТАНА. ҚазАқпарат - Белгісіз біреулер Ресей Премьер-Министрі Дмитрий Медведевтің Twitter әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасын бұзып, бірнеше хабарлама қалдырған, деп жазады ИТАР-ТАСС РФ Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«Премьердің Twitter-не біреулер кірген. Микроблогтағы соңғы хабарламалар шындыққа сәйкес емес», - деп атап өтті министрлер кабинетінде.

Д.Медведев өзінің микроблогын 2010 жылы АҚШ-қа жасаған сапары барысында тіркеген. Оның аккаунты - Ресейдің блог саласындағы танымал ресурстардың бірі.

2013 жылғы дерек бойынша, Д.Медведев аккаунтын 2 миллионнан астам адам оқиды. Қазір оның саны 2,5 млн-нан асқан.

РФ Премьер-Министрінің орыс тіліндегі аккаунтынан басқа ағылшын тіліндегі MedvedevRussiaE нұсқасы бар. Сондай-ақ, ол Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріне де тіркелген.

Дереккөз: inform.kz

14 тамыз 2014, 13:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.