Атырау, 5 маусым 22:20
 дождьВ Атырау +25.4
$ 485.34
€ 564.45
₽ 6.53

Франция мен Ұлыбритания күрттерге қару-жарақ жеткізе бастады

2 162 рет қаралды

Франция мен Ұлыбритания билігі Ирактағы жиһадшылармен соғысып жатқан күртерді қару-жарақпен қамтамасыз ететін болды, деп хабарлайды Islam.kz.

Франция президенті Франсуа Олланд пен Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон телефонмен сөйлесу кезінде осындай келісімге келген.

Франция президентінің баспасөз қызметі хабарлағанындай, тараптар бұл әрекеттерін екі бағытта жүзеге асыруға келіскен. Оның алғашқысы – бейбіт тұрғындарға қолдау көрсетіп, оларды гуманитарлық көмекпен жарылқау. Екіншісі – лаңкестермен күресіп жатқан күрттердің жауынгерлерін қарумен жарақтандыру, деп хабарлайды BBC News.

Дереккөз: bnews.kz

14 тамыз 2014, 12:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.