Атырау, 24 қараша 20:10
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Мәскеу метросындағы апаттан қаза тапқандардың саны 24-ке жетті

1 743 просмотра

АСТАНА. ҚазАқпарат - 15 шілдеде Мәскеу метросының Арбатско-Покровский желісінде пойыздың рельстен шығып кетуі салдарынан болған апаттан қаза тапқандардың саны 24-ке жетті, деп жазады  Би-би-си́.

Ондағы мәліметке сүйенсек, сәрсенбі күні тағы бір жапа шегуші көз жұмған.

«Апаттан жапа шеккен тағы бір әйел №67 қалалық клиникалық ауруханада қайтыс болы. Осымен апат құрбандарының саны 24-ке жетті», - делінген Мәскеудің Денсаулық сақтау департаментінің хабарламасында.  

Естеріңізге сала кетейік, 15 шілде күні таңертең мәскеулік метроның Арбатско-Покровский желісінде пойыз рельстен шығып кеткен еді. Апат салдарынан сол күні 19 адам қаза тауып, зардап шеккен 161 адамның 118-і ауруханаға жеткізілген. Зардап шеккендер Мәскеудегі Склифосовский атындағы ҒЗИ-ге, №71, №36, №67 ҚКА, Боткин қалалық клиникалық ауруханасына, 1-ші қалалық ауруханаға жатқызылған еді.\

Дереккөз: inform.kz

14 тамыз 2014, 12:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.