Кафе, дүкендер және басқа да осы тектес нысандар тұрғындардың алдын ала келісімінсіз тұрғын үйлермен көршілес салынуда. Алайда, Жайық-Каспий Орхусс орталығының директоры Шынар ІЗТІЛЕУОВА бұл заңсыз деп есептейді.
- Қазір бизнесмендердің көпшілігі құрылыс жобасымен таныстырып, тұрғындардың келісімін алудың орнына ПИК төрағасының қолын қойдыртып алады. Ал, ПИК-тің тұрғындардың атынан жобаға қол қоюға құқығы жоқ, - дейді Ш.Ізтілеуова. - Жалпы, бұл мәселеге жұртшылықтың араласуы туралы ҚР «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 13-бабы 2-тармағында көрсетілген. Құрылыс салушы нысан құрылысын жүргізуге дайындалып жатқан маңның жанында тұрып жатқан тұрғындарды жинап, оларды жобамен таныстырып, барлық ақпаратты беруге міндетті. Өз кезегінде қалалық әкімдіктің де құрылыс салуға рұқсатты көршілес үйлердің тұрғындарының келісімінсіз беруге құқы жоқ.
Айнұр САПАРОВА