«Ренессанс» қонақ үйінде NCOC-дің ұйымдастыруымен кәсіби патология және еңбек медицинасы бойынша халықаралық семинар өтті.
Қазақстандық медицина қызметкерлері мен Ұлыбритания және БАӘ-ден келген әріптестері тау-кен және мұнай салаларының кәсіби ауруларына қарсы әлемдік тәжірибелерді талқылады.
- Семинардың мақсаты жергілікті дәрігерлерді халықаралық тәжірибе стандарттарымен таныстыру, - дейдіNCOC денсаулық департаментінің менеджері Саид АХМЕД. -Біз жергілікті денсаулық сақтау жүйесінің дамуына үлес қосып, еңбекті медициналық қорғау стандарттарын көтергіміз келеді. Бұдан үш жыл бұрын біз осындай семинарды Қарағандыда өткізгенбіз, енді, міне, Атырауға келдік.
Сәуле ТАСБОЛАТОВА