Атырау, 17 мамыр 08:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Каспий құстары туралы

2 530 просмотра

Виктория КОВШАРЬ.Виктория КОВШАРЬ.Каспий күніне орай NCOC «Атырау» қонақ үйінің конференц-залында орнитологиялық анықтаманы таныстырды, ал, облыстық билік сол жерде қоршаған ортаны қорғаудағы еңбектері үшін лауазым иелеріне алғыс хаттар табыстады.

Каспий күні тұңғыш рет 2008 жылы 12 тамызда Иранда Каспий маңы елдерінің аумағында қолданыста жүретін Тегеран Конвенциясы іске қосылғанда аталып өтті. Сол уақыттан бері жыл сайын 12 тамызда Каспий маңындағы қалаларда осы күнді атап өту қалыптасқан. Негізінен, бұл - билік өкілдері мен үкіметтік емес ұйымдардың, сонымен қатар, теңіз қайраңын пайдаланушы компаниялардың ресми кездесулері. 

NCOC консорциумы бұл күні дәстүрлі түрде компанияға бедел жағынан позитивті жобаларды таныстырады. Бұл жолы NCOC «Полевой определитель птиц Казахстана» орнитологиялық анықтамалықтың 500 данасын шығаруды қаржыландырды. Қалың кітап Қазақстанда мекендейтін барлық 500 құсты дәл суреттейтін көрнекі суреттерге толы екен. Суреттерді ресейлік биология ғылымдарының докторы, ғылыми орталардағы танымал орнитолог Вадим РЯБИЦЕВсалыпты. Кейін кітап авторларының бірі Виктория КОВШАРЬМЕН әңгімемізден белгілі болғандай, идея да Рябицевке тиесілі екен.

- Ол Ресейдегі құстар туралы бірнеше көлемді анықтамалықтың авторы, қызметіне сәйкес Қазақстан құстары туралы мәліметтер іздеген кезде ешқандай анықтамалықтың жоқ екенін көрген. Ол бізге осындай кітап шығаруды ұсынды, ал, біз бұл жұмысқа бірден кірісіп кеттік, себебі, өзіміз де көптен бері осы істі жоспарлап жүрген едік, - дейді кәсіби орнитолог, Қазақстан құстарын қорғау Одағының мүшесі В.Ковшарь. – Бұл - еліміздегі бірінші орнитологиялық атлас-анықтамалық.

Жазық далада ондаған жылдар бойы жиналған фото және материалдарды дайындап, құстардың суретін салу мен мекендейтін жерлерінің картасын сызу төрт орнитологтан тұратын топтың 5 жыл уақытын алды. Принтерден шығарып алған үлгілерін көрсете отырып, олар демеуші іздей бастады.

- МенNCOC үшін Солтүстік Каспийдегі құстарды зерттеумен айналысып жүргенмін, сол кезде компанияның шетелдік бір қызметкері біздің жұмысымызға қызығушылық танытты. Ол үлгіні алып, өз басшылығына көрсетіпті, - дейді Ковшарь. – Олар бұл идеяны қолдады.

- Кітаптарыңыздың оқырма-ны кімдер болуы мүмкін?

- Менің ойымша, бұл кітап оқытушыларға да, мұғалімдер мен студенттерге де, сонымен қатар, құстарға қызығушылық танытып жүрген жандар үшін де қызықты болуы керек. Сіз білесіз бе, қазіргі кезде birdwatching (құстарды бақылау, әуесқой орнитология) деп аталатын хоббидің сәнге айналғанын, бір Ұлыбританияның өзінде мұнымен миллион жарым адам айналысады екен.

NCOC-дің репутациялық мәселелер жөніндегі менеджері Жағыпар ЕГІЗБАЕВ 2013 жылы Консорциумның қоршаған ортаны қорғау қызметіне8млрдтеңгедей инвестиция құйғанын айтып өтті. NCOC 2000 жылдан бері «құстардың көбеюіне мұнай операцияларының тигізетін зиянының алдын алу мақсатында»Солтүстік Каспий құстарының мониторингісін жүргізіп келе жатқанын да хабарлады. Орнитологиялық жоба да аталған қорғау жұмыстарының аясында қолдау тапты.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

13 тамыз 2014, 21:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.