Атырау, 3 маусым 00:34
 дождьВ Атырау +13.6
$ 493.15
€ 574.17
₽ 6.77

Оқиғалар тізбегі

2 529 рет қаралды

Тамыздың 11-і күні күні «Дина» базарында 40 жастағы қызылқоғалық өзіне таныс емес 6 жасар қызды соққыға жыққан. Сәби жеңіл дене жарақатын алды. Қаскүнем ұсталып, кейін басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

* * *

Атырау мөлтек ауданында 8 тамыз күні «Хюндай» маркалы маршрутты автобус экскаваторды айналып өтпек болған кезде күрегіне ілініп қалып, аударылды. Бір жолаушы жарақаттармен ауруханаға жеткізілді, тағы үш жолаушы жеңіл жарақат алды. Тергеу жалғасуда.

* * *

Қаланың 27 жастағы тұрғыны Жұмыскердегі дүкеннен бір жәшік сыраны ұрлап кеткен. Ұры анықталды.

* * *

Өзбекстан азаматы Ракуша ауылында тұратын таныс құрбысының үйінен алтын әшекейлерді ұрлаған. Әйел ұсталып, басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

14 тамыз 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.