Атырау, 27 желтоқсан 15:03
 ашықВ Атырау -2
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Орындалуы қиын миссия

1 885 просмотра

- Жеке кәсіпкерлікті 5-ақ минутта тіркеуге болады, бірақ жабу өте қиын. Менің кәсіпкер танысым өз ісін тарату үшін бірнеше ай уақытын жұмсады. Салық департаментіндегілер ЖК есеп-шоты еместігін дәлелдейтін оның банктердегі барлық ағымдағы есеп-шотының көшірмелерін талап етті. Әйткенмен, салық департаментінің мәліметтер базасында бұл мәліметтер көрініп тұрады. Анықтамалардың бәрі ақылы. Сонымен қатар, оларды жинауға қыруар уақыт кетеді. ЖК жабу тәртібіне өзгерістер енгізуге және салық департаментінің мәліметтер базасын тексеруге болмай ма?

аzh.kz сайтынан

Сұраққа облыстық салық департаменті жетекшісінің орынбасары Айгүл РЗАҒҰЛОВА жауап берді:

 

- Жеке кәсіпкерден тарату туралы өтініш түскен бойда біз 3 күннің ішінде сауалдарды құзыретті органдар: БТИ, жер қатынастары басқармасына, т.б. жібереміз. Содан соң олардың жауабын 20 жұмыс күні ішінде күтеміз. Өкінішке орай, заңмен белгіленген мерзімде барлық инстанциялар үлгермейді. Жауап алған соң біз камералды бақылау жүргізіп, кәсіпкердің бюджетке қарызы бар ма, жоқ па деген қорытынды шығарамыз. Анықтамаларға қатысты айтатын болсақ, біз банктерден кәсіпкердің шоттарының қандай екенін бірден көрсетуін сұрай аламыз. Бірақ онда банк жүйесіне өзгерістер енгізу керек. Қазіргі кезде банктерден мәліметтер орталықтандырылып жетеді. Ал, біз ол мәліметтерден есепшоттың жалақы үшін немесе кәсіпкерлік қызмет үшін ашылғанын анықтай алмаймыз. Біз аталған процедураға өзгерістер енгізуге тырысып көреміз.

14 тамыз 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.