Атырау, 27 қараша 13:25
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Аудан жаңалықтары

2 571 просмотра

 

Шабақтарды құтқаруда

Индер ауданында су тоғандарындағы сазан, табан, аққайраң, басқа да балықтардың шабақтары Жайық өзеніне жіберілді. 

Ауданда үлкенді-кішілі 21 су тоғаны бар, соның 18-і биыл суға толған еді. Осы тоғандарды жалға алған серіктестіктердің ішінен «Амангелді» кооперативі, «Үлкен Елтай», «Павловск» шабақтарды құтқару жұмысын ұйымдастырды.  

Аудандық балық қорғау испекциясының басшысы Бектілеу МАҚАШЕВТЫҢайтуынша,бүгінде 3 млн-ға жуық шабақ өзенге жіберілген. Бұл жұмыстар жалғасуда.

*****

Прокурор болмаса...

Жергілікті билік Индербор кентіндағы Махамбет көшесі, №12 жатақхана тұрғындарының өтінішін қанағаттандырды.  

35 отбасы аудан әкіміне бірнеше рет жекешелендіру туралы өтініштерін жазған болатын, бірақ бәрі аяқсыз қалып келген. Аудан прокуратурасына арыз бергеннен кейін іс қозғалып, қазір тұрғындар құжаттарын ресімдеумен айналысуда. 

*****

Дала өрті

7 тамызда Қызылқоға ауданына қарасты «Жырақұдық» учаскесінде 6 гектар аумақта құрғақ шөп өртенді.

Аудандық ауыл шаруашы-лығы басқармасының басшысы Қайырғали БАЗАРБАЕВТЫҢ мәліметі бойынша, жаз басталғалы ауданда 15 мың гектар жайылымдық және шабындық жер өртенген. Өрт ішінде қалған 26 бас қой өлген.

*****

Қамыс - бізден

Құрманғазы ауданында кірпішке сұраныс көп, бірақ ұсыныс жоқ.

Осыны ескерген«Мақаш» өндірістік кооперативінің басшылығы өз өнімдерін, яғни, өздері дайындайтын қамыс плиталарын Бейнеу қаласында шығарылатын ұлутасқа айырбастауды жолға қойған.

Жыл басынан бері «Мақаш» ӨК 6 мыңға жуық қамыс плитасын дайындаған.

*****

Балаларға базарлық

Мақат кентінде екі балалар ойын алаңы пайдалануға берілді.

Олардың бірі «Болашақ» ықшамауданында, екіншісі К. Шағыров көшесінде орналасқан. Нысандар құрылысын«Ерасыл құрылыс KZ» ЖШС жүргізген болатын. Кентте тағы үш балалар ойын алаңын жасау көзделуде. Бұл мақсаттарға бюджеттен 14 млн теңге бөлінген.

*****

Жәрмеңкенің пайдасы

Жылыой аудандық жұмыспен қамту орталығы ұйымдастырған кезекті еңбек жәрмеңкесінде 59 адам жұмыс тапты.

«Сенімді құрылыс» компаниясы тұрба құрастырушы ретінде 11 адамды жұмысқа алса, 48 адам«Консолитейтид Контрактинг Инжиниринг Прокьюрмент С. А. А.Офшор» компаниясына жұмыс істеуге жолдама алып, жұмыстарын бастап кеткен.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

14 тамыз 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.