Статистика департаментінің баспасөз бетшесіне сәйкес, жыл басынан бері Атырау облысында 5 жасқа дейін 15 бала қайтыс болған. Ең көп тараған себеп – қан айналым жүйесінің ауруы. Осы кезеңде бала туу 2013 жылдың алғашқы жарты жылдығымен салыстырғанда 5%-ға артқан.
* * *
Тамыздың 9-ы күні «Көгілдір патруль» еріктілері сыла, қарагөз, табан және сазанның 10 мыңға жуық шабағын құтқарды. Көктемгі өр суынан кейін балық шабақтары Жайықтың жайылма суларына шығып кетеді. Ал, өзен суы азая бастағанда, көлшіктер пайда болып, шабақтардың көпшілігі өзенге кері жете алмай қалады. Осы көлшіктер уақыт өте тайызданып, тартыла бастайды. Сондықтан да мұнда қалған шабақтарға қырылу қаупі төнеді. Міне, көп жылдан бері ТШО компаниясының «Ынтымақ» қауымдастығы осы жас шабақтарды, құтқару акциясын өткізіп келеді. Атырау облысында бүгінде шабақтарды құтқару акциясы өзекті болып тұр. Көп жыл бойы осы акция арқасында мыңдаған шабақ ауланып, Жайыққа жіберілді. Келесі акция 30 тамызда болады.
* * *
Мақат аудандық прокуратурасы «ҚазМұнайГаз-Бұрғылау» Сервистік бұрғылау кәсіпорны ЖШС-і, «Доссормұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасы, «Консорциум ISKER» ЖШС-інде қауіпсіздік техникасын сақтамау жағдайларын анықтады. Айыппұлдар салынды.