Тәжікстан үкіметі Сирияға жиһадқа кеткен жастарды елге қайтаруға барын салып отыр. Үкіметтің бұл әрекеті өз жемісін бере бастады, деп хабарлайды Islam.kz.
Тәжік үкіметі Сириядағы жастарға жеңілдік жасауды қолға алды. Ол жеңілдік елге қайтқан азаматтарға ешқандай жаза түрін қолданбау.
«Қаруын тастап, елге қайтқан, сондай-ақ бұрын қылмыс жасамағаны белгілі болған азаматтарды заңмен қудаламаймыз. Оның үстінен ешқандай қылмыстық іс қозғамаймыз», – деп сендіріп отыр ІІМ Соғды облысындағы басқармасының бастығы Шариф Назаров.
Шілде айында осы үндеуді естісімен Соғды облысының екі азаматы елге оралды. Солардың бірі – 29 жасар Алимжан Пулатов болса, екіншісі – 31 жастағы Камил Шукуров.
Дереккөз: bnews.kz