Twitter мамандары микроблогтар сервисінде автоматты түрде жаңартылатын және «робот» болуы мүмкін аккаунттар санын бағалады, деп хабарлайды vesti.ru.
Бұндай «микроблогерлердің» үлесі барлық пайдаланушылардың шамамен 8,5%-ын немесе 23 млн аккаунтты құрайды. Twitter-де барлығы 271 млн белсенді, яғни желіні айына бір рет болсын қолданатын пайдаланушы бар.
Барлық "робоаккаунттар" спам таратумен айналыспайды, мысалы көптеген аккаунттар ауа райы мен ең танымал жаңалықтарды автоматты түрде жарнамалайды.
Дереккөз: bnews.kz