7 тамызда күндіз өрт-тактикалық жаттығулар барысында «Атырау» СОК-де орналасқан «Chaplin» кинотеатрынан 100 шақты адам эвакуацияланды.
Тактикалық жоспар бойынша шартты өрт екінші қабаттағы «көк» кинозалдан шықты. Өрт аумағы 67 шаршы метрді құрады. Тұншықтырғыш газ иісінен шартты түрде уланған көрермендерді ғимараттан еппен шығарып, дәрігерлерге жеткізді.
Жаттығуларға 6 бірлік автотехника мен өртке қарсы қызмет көрсету гарнизонының жеке құрамындағы 18 адам жұмылдырылды. Сонымен қатар бұл жерге әртүрлі арнайы және авариялық қызмет өкілдері де келіп жетті.
ТЖД «Өрт сөндіру және апатты-құтқару жұмыстары» ММ-нің баспасөз хатшысы Жанар Қаржаубаеваның айтуынша, шын мәнінде, бұл кезде фильм көрсетілмеген. Құтқарылғандардың рөлін (өз қалаулары бойынша) СОК-дегі сатып алушылар мен қызметкерлер ойнап шықты.
Анастасия ПАСТУХОВА
Суретті түсірген автор