Сьерра-Леонда Фритаун қаласының тұрғындарына Эбола вирусын ертерек диагностикалаудың пайдасы туралы айтып жатыр.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) Батыс Африкада Эбола вирусының таралуын халықаралық маңызды қатер деп жариялады. Бұл туралы Русская планета Reuters-ке сілтеме жасай отырып хабарлады.
Ұйым сарапшылары «Батыс Африкада Эбола ауруының таралуы «төтенше оқиға» болып табылады және басқа мемлекеттердің қоғамдық денсаулық сақтау саласына қауіп төндіреді» деді. Бұл аурудың денсаулық сақтау саласы дұрыс дамымаған елдерде таралуы жағдайды одан әрі қиындатып отыр.
Дереккөз: bnews.kz