Атырау, 27 қараша 13:48
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Суға қонуға мәжбүр болды

2 485 просмотра

ЛА-8 амфибия ұшағы. Фото aviaguide.ru сайтынан алынды.ЛА-8 амфибия ұшағы. Фото aviaguide.ru сайтынан алынды.Бүгін, 8 тамызда Астана уақытымен сағат 14.30 шамасында Каспий теңізінде бортында 2 ұшқышы бар жекеменшік гидроұшақ апатты жағдайда суға қонды.

«АЖ»-ның Маңғыстау облысының ТЖД баспасөз қызметінен алған мәліметі бойынша, екі жеңіл моторлы ЛА-8 амфибия ұшағы Самарадан (РФ) Орал және Ақтау арқылы ұшып, Иранға бағыт алып бара жатқан. Екі ұшақ та Иранға тиесілі, алайда алдын ала ақпаратқа сүйенсек, ұшақты басқарғандар Ресей азаматтары.      

Байланыстан ажырап қалған ұшақтардың бірі Атырау мен Маңғыстау облыстарының шекаралары арасындағы теңіздің учаскесінде, Форт Шевченко қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 145 шақырым жерде қонуға мәжбүр болған. Екіншісі сағат 14.50-де Ақтау әуежайында қонып, көмекке жүгінген. Апатқа тап болғандарға қарай сағат 15.15-те ҚР ҰҚК шекара қызметінің жүрдек кемесі жолға шықты, сағат 15.20-да Атырау әуежайынан «Бейбарыс»  әуе компаниясының бортында құтқарушылары бар ұшағы ұшып шықты, және сағат 16.00-де сол әуежайдан «Аджип ҚКО»-ның апатты-құтқару ұшағы ұшып шықты. Одан бөлек, Аджип ҚКО Баутино портынан өздерінің 2 кемесін жіберді. Алғашқы болып зардап шеккендерді «Бейбарыс»әуе компаниясының ұшағы көрген. Екі ұшқыш та бортқа көтерілді, олардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып отыр. 

Гидросамолет болса, суда қалқыған күйінде қалды.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

8 тамыз 2014, 18:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.