Атырау, 17 мамыр 10:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Оқиғалар тізбегі

2 912 просмотра

6 тамыз күні таңда Алмагүл ықшамауданындағы көп қатарлы үйдің 9-қатарынан екі жасар қыз құлап кетті. «Жедел жәрдем» келген сәтте бейкүнә сәбидің жүрегі соғып жатқан, алайда алған жарақаттары зардабынан ауруханаға барар жолда көз жұмды. 

***

1983 жылы туған қалалық қыз полицияға өзін зорлау әрекеті туралы шағымданды.Күдікті 39 жастағы қала тұрғыны екен, оған іздеу жарияланды. Сол күні полицияға тағы бір 30 жастағы ер адам зорлаған 21 жасар қыз хабарласты. Екі істі де ҚІІБ-нің тергеу басқармасы тергеп жатыр.  

***

6 тамызға қараған түні Мақат АІІБ-тің патруль жасағы қызметкерлері Мақат ауылындағы ЖШС-тердің бірі аумағынан жүз метр кабель мен терезе перделерін ұрлап бара жатқан үш басбұзарды ұстады.  

***

Қызылқоға ауданында бір малшы өзіне сеніп тапсырылған шаруашылықтан екі қой, сегіз қозы және бір жылқыны алып кеткен екен. Бірнеше күннен кейін мал иесі полицияға шағымданды. Шығын 420 мың теңгеге бағаланды, малшы ешқайда етпеу туралы қолхат арқылы үйіне жіберілді.  

***

Индер ауданында 6 тамызда жалпы ауданы 40 гектар болатын жайлау мен шөп шабатын жердің шөбі өртенді. Тілсіз жау Көктебе, Үштөбе, Бозтөбе және Қобданқызыл қыстақтары маңындағы жайлауды алып кетті. Өрт 8 тамызда сөндірілді. Мал шығыны жоқ

8 тамыз 2014, 16:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.