Атырау, 24 қараша 18:40
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Енді Ресейде төлқұжатты көрсету арқылы ғана wi-fi қызметіне қосылуға рұқсат алуға болады

1 637 просмотра

Фото: 3dnews.ruФото: 3dnews.ruАлматы. 8 тамыз. ҚазТАГ - Ресейдің Премьер-министрі Дмитрий Медведев арнайы қаулыға қол қойды, оған сәйкес қоғамдық орындарда wi-fi желісіне қосылу бұдан былай жасырын жүргізілмейді, деп хабарлады құқықтық ақпарат порталы.

Қаулы байланыс операторының абоненттерімен - заңды тұлғалармен, жеке кәсіпкерлермен отыратын келісімге де өзгертулер енгізеді. Олардың соңғылары құрылғыны пайдаланатын тұлғалардың тізімін беруі керек. Тізімде азаматтың аты жөні, төлқұжатының деректері мен мекен-жайы жазылуы тиіс.

Сонымен қатар, операторлар тұтынушының қандай құрылғымен желіге қосылатынын көрсетуге міндетті.

Бұл мәліметтер жарты жыл сақталып, құқыққорғау органдарының сұранысымен берілуі керек.

Бұдан басқа, ресейлік БАҚ хабарлауынша, мемлекеттік думаның депутаттары мемлекеттік емес пошталық жүйе (gmail.com, mail.ru, yandex.ru) арқылы жіберген қызметтік хабарлама үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізбекші.

«Мемлекеттік қызметкерлерге қызмет бабы аясында қолжетімді болатын ақпарат ішкіқызметтік айналым жүйесінде ғана пайдалануы керек, ол ақпарат «аспанда» және әлеуметтік желіде қалықтамай, қарапайым сервер арқылы таратылуы керек», - деді «Известияға» мемлекеттік думаның қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитетінің төрағасы Ирина Яровая.

Осы ретте шектеу ашық ақпарат көздерінде бар жария мәліметтерге қойылмайды.

«Жалпы, мәселе тек қызметтік келбетке ие және тек қызметтік мақсатта пайдалануға болатын ақпараттарға байланысты және олар оңды-солды таратыла алмайды», - деп баса айтты депутат.

И.Ярованың айтуынша, сәйкесінше өзгертулер ресейлік заңнамаға жақын арада енгізіледі. 

Дереккөз: ҚазТАГ

8 тамыз 2014, 10:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.