ҚазТАГ – НАТО Ресей Федерациясымен ынтымақтастығын доғарады, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
«Солтүстік Атлант альянсы Ресей Федерациясымен ынтымақтастығын доғарады, НАТО-ның барлық мүшесін қорғау үшін ұжымдық қорғанысты нығайтады және Украинамен арадағы қолдау және қызметтестік деңгейін көтеру шешімін қабылдады», - деп хабарлады альянстың бас хатшысы Андерг фог Расмуссен бейсенбі күні Украина Верховная радасының спикері Александр Турчиновпен кездесу барысында.
Агенттіктің мәліметінше, альянс бас хатшысы қыркүйекте өтуі тиіс Украина-НАТО саммиті екі тараптың өнімді ынтымақтастығын жайластыруда жаңа нақты қадамдар жасауға мүмкіндік беретініне үмітін білдірді.
«Украина кешенді реформаларға тапшы, соның ішінде әскери салада, және де Верховная рада мұнда маңызды рөл атқаруы тиіс», - деп атап өтті ол.
Дереккөз: ҚазТАГ