Атырау, 24 қараша 18:25
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Палестиналық содырлар уақытша бітімге қарамастан Израильдің оңтүстігіне қарай екі зымыран ұшырды

1 338 просмотра

Фото: @kytv / TwitterФото: @kytv / TwitterАСТАНА, 8 там – Қазақстан жаңалықтары АА. Газа секторынан Израильдің оңтүстігіне қарай екі мәрте зымырын ұшырылды. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ, деп жазады ВВС.

Оқиға уақытша бітімге келу уақыты аяқталуына 3 сағат қалғанда болған. Бітімге келу туралы шешім сейсенбі күні жарияланған. Израильдің қорғаныс әскері террористердің оқ атпау туралы шешімді бұзғанын мәлімдеді.

Франс Пресс агенттігінің хабарлауынша палестиналық тарап әлі де бітімге келу жөнінде мәселені талқылауда.

Газа денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне қарағанда, бір айдан бері болып жатқан қақтығыстар салдарынан 1867 адам қаза тапқан, олардың дені бейбіт тұрғындар. Мерт болғандар туралы тәуелсіз деректер алуға мүмкіндік жоқ.

Израиль тарапынан 64 әскери қызметкер опат болды. Сонымен қатар 3 бейбіт тұрғын ажал құшқан.   

Дереккөз: newskaz.kz

8 тамыз 2014, 09:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.