Атырау, 16 ақпан 21:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 496.00
€ 588.01
₽ 6.42

АҚШ әскери крейсері Қара теңізге тағы кірді

2 059 рет қаралды

Румын әскери теңізшілері Қара теңізде жүрген америкалық Vella Gulf крейсерінің жанында тұр. 5 шілде 2014 жылРумын әскери теңізшілері Қара теңізде жүрген америкалық Vella Gulf крейсерінің жанында тұр. 5 шілде 2014 жылАҚШ-тың Vella Gulf зымыран қаруы бар крейсері кезекті рет Қара теңізге кірді деп хабарлады Ресей әскери-теңіз флотының бас штабы.

Бұған дейін АҚШ әскери-теңіз күштері алтыншы флотының қолбасшылығы таратқан мәлімдемеде крейсер Қара теңізге "аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдау үшін" кіргізілгені айтылған.

Америкалық крейсер "Томагавк" қанатты зымырандары және SM-3 тосқауылдаушы зымырандарымен жарақтандырылған. SM-3 зымырандары "Иджис" жүйесімен бағытталып атылады. Vella Gulf соңғы рет Қара теңізге маусымның соңы - шілденің басында кірген. Монтре конвенциясы бойынша, Қара теңізбен шектеспейтін елдердің кемелері теңізде 21 күннен артық бола алмайды.

Украинаның шығысында дағдарыс басталғалы бері АҚШ пен НАТО-ға мүше өзге де елдердің әскери кемелері Қара теңізге кіріп жүр.

Дереккөз: azattyq.org

7 тамыз 2014, 16:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.