Атырау, 24 қараша 19:01
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ресейге кіргізуге тыйым салынған өнім түрлері жарияланды

2 074 просмотра

Ресей Федерациясының Үкіметі елге кіргізуге тыйым салынған шетелдік ауыл шаруашылығы өнімдерінің тізімін бекітті, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

Премьер-министр Дмитрий Медведев Австралия, Канада, ЕО, АҚШ, Норвегиядан сиыр, шошқа, құс еттерін, балық, ірімшік, сүт, көкөніс және жеміс өнімдерін әкелуге 1 жылға тыйым салатын үкімет қаулысына қол қойды.

Осылайша, Ресей президенті Владимир Путиннің «РФ қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы экономикалық шаралар қабылдау туралы» 6 тамыздағы жарлығы орындалды. Бұл құжат бойынша Ресейге қарсы санкцияны қолдаған мемлекеттердің өнімдерін Ресейге әкелуге 1 жылға тыйым салынады.

Жарлықта айтылғанындай, бұл шаралар РФ ұлттық мүдделерін қорғау мақсатында қолға алынып отыр. Сонымен қатар, Владимир Путин құжатта аталған өнімдердің түрлерін анықтауды және оны елде өндіру шараларын пысықтауды үкіметке тапсырды.

Дереккөз: bnews.kz

7 тамыз 2014, 16:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.