Атырау, 5 мамыр 21:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +9
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Киевтің орталығында қақтығыстар басталды

1 372 просмотра

Фото: Unian.netФото: Unian.netАлматы. 7 тамыз. ҚазТАГ - Киевтің орталығында Майдан белсенділері мен милиция арасында қақтығыстар басталды, деп хабарлады lenta.ru.

«Киевтің орталығында, бейсенбі 7 тамызда Майдан белсенділері мен милиция арасында қақтығыстар басталды. Құқыққорғау органдарының мамандары еуромайдантықтарға қарсы жарық-дыбыс гранаталарын пайдалануда. Жауап ретінде белсенділер петардалар мен тас лақтыруда. Крещатик қара түтінге оранды», - делінген ақпаратта.

ВВС орыс қызметі хабарлағандай, милиция қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздікті және коммуналдық қызметтің жұмысын қамтамасыз етті, олар Киев орталығы Майдан Незалежностідегі барикадаларды жинастыруда. Алайда, кейбір жерлерде майданның қорғаныс өкілдері шатырлар мен автомобиль дөңгелектерінің қақпақтарын өртеуде. 

Дереккөз: ҚазТАГ

7 тамыз 2014, 15:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.