Атырау, 24 қараша 18:26
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Apple мен Samsung смартфондар мен планшеттер патенті үшін дауды тоқтатады

4 450 просмотра

АСТАНА. ҚазАқпарат - Apple мен Samsung компаниялары әлемнің бірнеше еліндегі смартфондар мен планшеттер бойынша патенттік даулы мәселелерін реттеді, алайда АҚШ-та соттың істі қарауы жалғасады, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

Компаниялар бірлескен арызда АҚШ-тан тысқары жерде бір-біріне деген шағымдарын болдырмау келісіміне қол жеткізгенін хабарлады. Келісімде қандай да бір лицензиялармен алмасу көрсетілмеген және олар осы сот істерін АҚШ-та жалғастырады. Келісімге қатысты басқа мәліметтер белгісіз.

Басылым компаниялардың көп жылдан бері патенттік дау жүргізіп келе жатқанын, оған миллиондаған долларлар жұмсайтынын және одан Жапония, Оңтүстік Корея, Германия, Голландия, Австралия, Ұлыбритания, Франция мен Италия сияқты елдерде қандай да бір нәтижесі бар деп айту қиын екенін атап көрсеткен. Осыған дейін сот Корея компаниясының тарапынан Apple пайдасына 1 миллиард доллар төлеу туралы шешім шығарған болатын. Еурокомиссия нарықта бәсекелестер болмауы үшін Samsung, Google  және басқа да смартфон пайдаланушыларын осы патенттердің құқығын теріс пайдалануға жол бермеу туралы ескерту жасады.

Патенттік дау АҚШ-та 2011 жылы басталған, америкалық компания Samsung-ты  iPhone ды көшірді деп айыптаған болатын.

Дереккөз: inform.kz

7 тамыз 2014, 10:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.