Атырау, 24 қараша 19:01
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Израиль Газадағы бітімгерлікті ұзартуға ниетті

1 665 просмотра

Алматы. 7 тамыз. ҚазТАГ – Израиль Газадағы бітімгерлікті ұзартуға ниетті, деп хабарлады ВВС орыс қызметі.

«Израиль сейсенбі күні (5 тамыз – ҚазТАГ) шарттары өз күшіне енген Газадағы үш күндік бітімгерлікті ұзартуға келісті», - делінген бейсенбідегі хабарда.

Мұнымен қатар Газаны басқарып отырған ХАМАС қозғалысының боевиктері израильдік биліктің бұл ұсынысына әзірге жауап бере қойған жоқ.

Аталғандай, палестиндік боевиктер мен Израиль арасындағы келіссөздер үшінші тараптың көмегімен жүруде: бітімші рөлін Мысыр өз мойнына алды.

Газа денсаулық сақтаумин мәліметінше, бір айға созылған қақтығыс нәтижесінде 1867 адам қаза тапқан, негізінен олардың басым көпшілігі бейбіт тұрғындар. Қаза тапқандар туралы тәуелсіз растау алу мүмкін емес.

Израиль 64 әскери қызметкерін жоғалтты, сондай-ақ үш азаматы қаза тапты.

Одан өзге, ұрыс барысында Таиланд елінің құзырындағы азамат өлтірілді. 

Дереккөз: ҚазТАГ

7 тамыз 2014, 10:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.