Атырау, 21 желтоқсан 12:08
 ашықВ Атырау 0
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Спорт жаңалықтары

2 014 просмотра

Сақшылар сайысқа түсті

Атырауда құқық қорғау органдары арасында президенттік көпсайыстан облыс чемпионаты өтті. 

Тоғызкоманданың өкілдері атудан (Макаров тапаншасынан), 100 метрге жүзуден, орнынан секіруден, граната лақтырудан, 100 метр және 3 шақырымға жүгіруден күш сынасты. Жеке есепте келесілер жеңімпаз атанды: 30 жасқа дейін Сергей Хуртин (ҚАЖКД), 35 жасқа дейін Айбек Қошабаев, 40 жасқа дейін Қуаныш Шаменов, 45 жасқа дейін Серік Бүтпенов (бәрі ІІД). Командалық есепте ІІД командасы 1-орын, ҚАЖКД 2-орын, «Күзет» күзету қызметі 3-орын алды. 

Үздік нәтижелер көрсеткен қатысушылар тамыз айында Өскеменде өтетін Қазақстан чемпионатында облыс намысын қорғайды. 

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

***

Ұстаздан белдік алды

Белгілі жаттықтырушы, Атырауда таэквондоның негізін салушы Қабибек МҰХИТОВ үздік спортшыларға сертификаттар мен қара белдіктер табыс етті

Ұлттық дәрежедегі төреші сертификатын Азамат НҰРЖАНОВ алса, пумзеден (ката) ел чемпионатының күміс жүлдегері атанған Ринат НҰРХАН ҚР спорт шебері куәлігіне ие болды. Альбина ҒАСЫРБЕКҚЫЗЫ менСабина АНДИРОВАҒА 1-дан қара белдігі табыс етілді.  

***

Үздіктер Таразға барады

«Судоремонтник» стадионында 1997-99 ж.т. жастар арасында ІІ облыстық ауыл ойындары өтті. 

Жетіауданнан келген командалар және Атырау қаласы ауылдық округтерінің құрамасы «асық ату» ұлттық ойынынан, үстел теннисінен, мини-футболдан, тоғызқұмалақ пен волейболдан сайысқа түсті. Жиналған ұпайлардың қорытындысы бойынша 1-орынды ауылдық округтер құрамасы, 2-орынды Қызылқоға ауданы, 3-орынды Құрманғазы ауданы алды. Үздіктер тамызда Таразда өтетін ІІ республикалық ауыл ойындарына қатысатын облыс құрамасына енді.  

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

7 тамыз 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.