Атырау, 27 қараша 12:33
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +4
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Ескертумен қол қойды

1 475 просмотра

Өңірлік кәсіпкерлерпалатасы, «ҚазТрансГаз Аймақ» ӨФ және «Нұр Отан» партиясының филиалы бизнес мәселесінде өзара әрекеттестік туралы меморандумға қол қойды. 

Атырау кәсіпкерлер палата-сының төрағасы Асылбек ЖӘКИЕВТІҢ айтуынша, бұл - өңіріміздегі монополистермен бірінші рет жасалып отырған келісім. Бір ерекшелігі, осы меморандум кәсіпкерлердің үлкен наразылығын тудырып жүрген компаниямен жасалғалы отыр. Бизнесмендер, әсіресе, газ желісіне қосылу талаптарына риза емес.  

«Газшылармен келісе алмай жүрген даулардың себебі не?» деген журналистердің сауалына «ҚазТрансГаз Аймақ» АФ директоры Елдар ТАҒАШ «түсініспестіктер болып қалады» деп жауап берді. Оның пікірінше, абоненттер газдандыру бойынша жұмыстарға басқа ұйымдарды жалдайды, сондықтан да оларда рұқсат алу мәселесі бойынша қиындықтар пайда болады. Ол қызмет көрсетуге шарт жасар алдында фирмалардың лицензияланғандығын тексеруге кеңес берді. 

Зульфия ИСКАЛИЕВА

7 тамыз 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.