Атырау, 19 қазан 22:47
 дождьВ Атырау +18.7
$ 452.12
€ 508.95
₽ 5.41

Соңғы әрекет пе?

1 799 рет қаралды

Махамбет ауданы Алмалы селолық округінде жылына 30 млн жұмыртқа өндіретін құс фабрикасы салынып жатыр.

Жобаның құны - 480 млн теңге. Оның 235 млнтеңге қаржысын «Атырау» ӘКК» ҰК» АҚ бөлген. «Атырау» ӘКК» ҰК» АҚ-ның басқарма төрағасы Абат ТАСИМОВТЫҢ айтуынша,  жобаны іске асыру мақсатында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде «Алмалы Құс» ЖШС бірлескен кәсіпорны құрылған. 

Құс фабрикасы құс өсіруге арналған жабдықтар жиынтығымен және сағатына 5 тонна жем дайындайтын жем цехымен қамтылмақ. Құрылысқа арналған құрастырмалы-каркастық материалдарды ресейлік-финляндиялық «Рукки Рус» ЖШҚ өндіруші компаниясы жеткізеді. Кәсіпорын осы жылдың аяғында іске қосылады деп жоспарланып отыр.

Айнұр САПАРОВА

7 тамыз 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.