Атырау, 6 мамыр 17:42
 ашықВ Атырау +14
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Оқиғалар тізбегі

2 172 просмотра

Шілденің 30-ы күні түсқайта «АтырауСуАрнасы» КМК кеңсесі ауласында ГАЗ-3307 автокөлігі өртенді. Шанағы мен қозғалтқыш бөлігі түгел жанып кетті. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.  

***

Қызылқоға ауданының Аққұдық елді мекенінде 30 шілде күні сағат 18.00-де 35 гектаралаңда қу шөп өртенді.20.00-де дала өрті толықтай сөндірілді. 

***

Тамыздың 4-і күні кеште Жамбыл – Грибоедов көшелерінің қиылысында екі жеңіл көлік соқтығысты. 1994 жылы туған жүргізушілердің бірі жарақат салдарынан оқиға орнында көз жұмды. 1978 жылы туған екінші жүргізуші ауыр халде ауруханаға түсті. 

***

Тамыздың 3-і күні Береке ауылындағы ЖШС-тердің бірінде жұмыс жасайтын ОҚО тұрғыны полицияға хабарласты: оның жеке меншік Mazda автокөлігі ұрланған екен. Ұры алыстан келмепті: көлігін айдап кеткен жұмыстасы болып шықты. Қазір оған іздеу жарияланды. 

***

Өткен сенбіде Атырау қаласы криминалдық полициясы 2011 жылдан бері кісі өлтіргені үшін халықаралық іздеу жарияланғанКарачай-Черкес елінің тұрғынын ұстады. Оны Ресейге экстрадициялау мәселесі шешілуде.  

7 тамыз 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.