Атырау, 24 қараша 19:00
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Сауд Арабиясындағы шу: Тележүргізуші эфирге хиджабсыз шыққан (ВИДЕО)

1 844 просмотра

Кадр: Al EkhbariyaКадр: Al EkhbariyaСауд Арабиясында келеңсіз жағдай орын алды. Онда мемлекеттік телевизияның орталық телеарнасында жаңалық оқитын тележүргізуші қыз эфирге хиджабсыз шыққан. Бұл шариғат заңын қатаң ұстанатын ислам мемлекетінде үлкен дауға айналды, деп жазады Вести Independent-ке сілтеме жасап.

 Бұған дейін хиджаб тастамайтын Al Ekhbariya арнасының қызметкері бұл жолы эфирге басына түк тақпай шыққан. Осы қалыппен ол Лондон жаңалықтарын оқи бастады. Сауд Арабиясында әйелдерге қатысты қатаң дресс-код бар. Олар көпшілік алдына денесін толық жауып тұратын кең көйлекте және бетін жауып тұратын пердесі бар хиджабпен ғана көрінуі тиіс. Телевизия саласында жұмыс істейтін қыздар бұған дейін де басына түк тақпай шығып жүрген, алайда жаңалық жүргізушілер мұндай қадамға бұрын соңды барған емес.

Сауд Арабия радиосы мен телевизиясының өкілі Салех Әл-Мугхалиф жүргізушінің мұншалықты еркінсу себебін түсіндіруге тырысты. Оның айтуынша, қыз жаңалық оқиған студия Лондонда орналасқан екен.

«Ол Сауд Арабиясынан тыс жерде жүрді. Сондықтан біз елімізде қалыптасқан құндылықтарға бейжай қараймыз деуден аулақпыз», - деді ол. Сонымен қатар Әл-Мугхалиф мұндай жайттар қайталанбас үшін қажетті шаралар қабылдауға уәде етті. Негізінен, шудың туындауына жаңалықтар топтамасынан кейін көрермендерден түскен наразылық толқыны себеп болған.

Al Ekhbariya арнасының Таяу Шығыста, Еуропа мен Америкада кеңселері бар. Телеарна өз қатарында әйел қызметкерлердің көптігімен танымал. 2004 жылы дәл осы арнада тұңғыш рет жаңалықтар топтамасын әйел жүргізуші оқиған болатын. Мұндай тәжірибе халық арасында дау тудырмағанымен, қыздардың эфирге хиджабсыз шығуы әлеуметтік желілерде үлкен шуға айналды. Сауд Арабиясының интернет пайдаланушылары қыз ұлттық дәстүрді аяққа таптады деген пікірге ортақтасты. Блогерлер мұндай еркінсуге жол бермеу керек деп есептейді, себебі бұл «әйелдердің өз құқығы үшін күресін» білдірсе керек. 

Дереккөз: bnews.kz

6 тамыз 2014, 16:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.