Атырау, 27 қараша 12:26
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +4
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Туберкулезге шалдыққан жүргізуші және автобустан қуылған балалар

2 935 просмотра

Қалалық әкімдікте өткен жиналыста қоғамдық көлік жұмысы туралы талқыланды.

 

ТАРТ ҚОЛЫҢДЫ БАЛАЛАРДАН!

Көлік саласы қызметкерлеріне халық тарапынан айтылатын шағымдар жыл сайын қайталанып отырады: қозғалыс кестесінің бұзылуы (кісі жинап, аялдамада жарты сағат тұрады, содан кейін құйындата жөнеледі), жол қозғалысы ережелерін бұзу, «Газельдерге» артық кісі алу, қызметкерлердің салдыр-салақ сыртқы келбеттері мен дөрекілігі. Қалалық ТКШ және көлік бөлімінің басшысы Қуаныш ИБРАГИМОВТЫҢ айтуынша, Атырауда сегіз көлік компаниясына қызмет көрсететін 34 маршрут жұмыс жасайды. Маршруттардың көп бөлігі «АйсТрансХолдинг» ЖШС-тың қарамағанда. Бүгінде қалалықтардан 26 шағым түсіп, 28 кассир және 12 жүргізуші жұмыстан шығарылды.

- Қызметкерлерді жұмыстан шығармау керек, компанияларды маршруттан алып тастау қажет. Нұрсая мен Алмагүл бағытында жүретін автобустар саны аз, - деді қала әкімі Нұрлыбек ОЖАЕВ. – Жұмыстарын да ерте аяқтайды, кешкі жетіде оларды таба алмай қаласың. Сол аудандарда бюджет қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер тұрады, олар өз автобустарын сағаттап күтіп қалады. Егер фирмалар дұрыс жұмыс істегісі келмесе, кетсін, орнын алмастыру қиын емес. Қазір Қарабатаннан көптеген көлік фирмалары босады, бәрі жұмыс сұрап жатыр.

Негізінде, бұл маршруттар 21.00-ге дейін, орталықта жүретіндер 23.00-ге дейін жұмыс жасауы керек екен. Әкім бұл шартты кері қарауды ұсынды, өйткені жаңа ықшамаудандарда бүгінде адамдар көп тұрады және оларды орталыққа жатқызуға әбден болады.

Жағдай осылай болса да, көлік қызметкерлері жолақыны көтергілері келеді екен. Бұған әкім еш жауап бермеді, себебі, оны әлі экономикалық тұрғыда негіздеу қажет. Қала басшысын бәрінен бұрын оқу жылының жақындап келе жатқаны және еш табыс әкелмейтін балаларды автобустан итеріп шығарып жіберу мәселесі толғандырады екен.

- Егер мұндай фактілер тіркелетін болса, маршруттан кетіңіздер! Балаларда шаруаларыңыз болмасын! - деп ескертті әкім. Сондай-ақ, егер Ибрагимовтің осы жағдайды түзеуге шамасы келмесе, лауазымынан айырылатынын қатты айтты.

 

ОБХСС-ТІ АҢСАУ

Содан кейін таксопарк талқыланды. Бізде ресми тіркелген 14 диспетчерлік қызмет таксиі бар. Сонымен қатар салық органында патент бойынша жұмыс жасайтын 4,5 мың таксиші тіркелген. Олар жол бойындағы барлық қалташықтардан, кеңсе, вокзал, әуежай маңдарын, үйлердің аулаларынан орын бермейді. Көбі клиент күтіп, карта ойнайды, кешірерсіздер, түйеше түкіреді. Қастарынан өту мүмкін емес.

- Наурызда болған кездесуде бізге 28 таксилер тұрағын саламыз деп сөз берген. Содан кейін, ең үлкен мәселе, бізге «жеке» таксилер жұмыс жасауға мүмкіндік берер емес. Вокзалда, әуежай маңында еш тәртіп жоқ, өйткені олар барлық орынға тұрып алған. Олардың кесірінен апаттар көп болады, өйткені олар жұмысқа шыққанда ешкім қан қысымын, ішкен-ішпегенін тексеріп жатқан жоқ, - деді «Такси тайм» қызметінің басшысы Дүйсенхан КЕМЕЛОВ.

«Дозор» такси қызметінің құрылтайшысы Николай ВЛАСОВТЫҢ пікірі мынадай:

- Мен бұл салада 32 жылдан бері жұмыс жасап келемін және бүгінде негізгі күрес заңсыз тасымалдаушылармен емес, ресми таксилермен жүріп жатыр деп сеніммен айта аламын. Бізді тоқтатып, сәйкесінше түрлі талаптарға сай екендігімізді тексереді, ал «жекелерді» ешкім тоқтатпайды! Кеңестік кезеңде ОБХСС заңсыз қызмет көрсетіп жүргендерге отырып, ақша төлеу барысында ұстап отыратын. Қазір де осындай жұмыстарды біреу атқару керек.

Әкімшілік полиция қызметкерлері заңсыз таксистерді табу қиын, өйткені олардың еш айрықша белгілері болмайды, ал барлық көліктерді тоқтатуға полициялардың құқығы жоқ деп ақталды.

Қалалық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының басшысы Темірбек МҰСАҒАЛИЕВ барлық көлік қызметкерлеріне ортақ тақырыпты көтерді. Олар заңсыз шетелдік еңбек күшін тартады, сондай-ақ, қызметкерлерін медициналық тексеруден өткізбей жұмысқа алады. Ал №30 маршрут жүргізушісінің туберкулездің ашық түрімен (!) ауыратыны анықталған.

- Ол өзінің қоршаған ортаға қауіпті екенін білді, бұған дейін туберкулез диспансерінен қашып кеткен, медицина қызметкерлерінен бой тасалап жүрген. Осы үшін оны қылмыстық жазаға тарту керек деп ойлаймын, - деді Мұсағалиев.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор

6 тамыз 2014, 15:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.