Атырау, 24 қараша 19:00
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қытайда зілзала құрбандарының қатары 600-ге жуықтады

2 249 просмотра

©bicpicture.ru©bicpicture.ruҚытайдағы жер сілкінісінен барлығы 589 адам қаза тапты, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап.

Бұған дейін 410 адамның өмірі қиылғаны хабарланған еді. Қытайдың оңтүстік-батысындағы Юньнань провинциясында 3 тамыз күні магнитудасы 6,1-ге тең жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері жергілікті уақыт 16.30-да тіркелді. Зілзаланың эпицентрі Вэньпин елді мекенінен 11 шақырым, Чжаотун қаласынан 29 шақырым қашықтықта анықталды. Дүмпу ошағы 10 шақырым тереңдікте болды.

Зілзала кезінде Қытайдың Лудиан округі көп зардап шекті. Онда 265 мың адам тұрады. Телефон байланысы үзіліп, бірнеше ғимарат қирады, электр желілері зақымданды. Провинция билігі апат аймағына гуманитарлық көмек жөнелтті. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, бұл - Юньнаньда соңғы 14 жыл ішінде болған ең жойқын зілзала.

Дереккөз: tengrinews.kz

6 тамыз 2014, 09:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.