Атырау, 24 қараша 18:59
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ғалымдар Ямалда алып жер тесігінің қалай пайда болғанын анықтады - ВИДЕО

2 993 просмотра

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғалымдар шілде айында РФ-ның Ямал түбегінде табылған алып жер тесігінің пайда болу себебін анықтады. Олардың пікірінше, ол  қатып жатқан мәңгі тоңнан метанның бөлінуінен пайда болған.

Шұңқырдың пайда болуы туралы жорамалдар әр алуан болды. Алайда Плеханов пен оның командасы мұны 2012 және 2013 жылғы жаз маусымында болған  жалпы ыстықпен байланысты деп есептейді.

Бұл кездегі температура орта статистикалық көрсеткіштен 5°C жоғары болды. Мәңгі тоң осының әсерінен еріп, мұзға қамалған метан бөлініп шыққан.

Еске сала кетейік, алып шұңқырды Ямалда мұнай және газ өндірушілерге қызмет ететін ұшқыштар аңғарыпты. Олар бұл ойықты видеоға түсіріп, YouTube желісіне орналастырған.

Дереккөз: inform.kz

5 тамыз 2014, 16:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.