Атырау, 27 қараша 12:54
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +4
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Олар бәрібір тексереді

1 256 просмотра

Қалалық прокуратураның бастамасымен мемлекеттік органдар басшылары қатысқан «дөңгелек үстел» болып өтті. Отырыс барысында мораторий кезеңінде заңсыз тексерулер жүргізу мәселелері талқыланды.

Жыл басынан бері Атырау қаласы прокуратурасы кәсіпкерлер құқығын бұзудың 85 фактісін анықтаған. Мысалдар келтірілді. Атап айтсақ, прокуратураның араласуымен заңсыз тексеру жүргізген Атырау қаласы ІІБ инспекторы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Қалалық ІІБ-нің тағы бір қызметкеріне жағалауға балалар әткеншегін орнатқан кәсіпкер қызметін заңсыз тоқтатқаны үшін жаза қолданылды.   

Facebook, Instagram, «В Контакте»әлеуметтік желілерінде кәсіпкерлер құқығын қорғауға арналған бетшелер мен топтар құрылды. Сол жерде құқық бұзушылықтар туралы айтып, өзекті мәселелерді талқылауға болады.  

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

5 тамыз 2014, 10:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.