Атырау, 24 қараша 18:40
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Израиль мен Палестина 72 сағаттық татуластыққа келісті

1 932 просмотра

АСТАНА,  5 там – Қазақстан жаңалықтары АА. Пәкістанның ХАМАС исламистік тобы Мысыр билігінің Изарильмен үш тәуліктік татуластық орнату туралы ұсынысын қабылдады. Бұл туралы ұйымның өкілі Сами Абу Зухри мәлімдеді, деп хабарлайды РОСБАЛТ.

Оның айтуынша, Мысыр билігі уақытша татуластыққа келіскенінен хабардар.Жақында пәкістандықтардың өкілдері, соның ішінде ХАМАС пен «Исламистік джихад» топтарының делегациясы Каирде мысыр барлауының басшысымен кездесіп, арадағы соғысты тоқтатудың өзіндік шарттарын ұсынған.

Бұдан бұрын Израиль үкіметінің 72 сағаттық татуластыққа келіскені туралы хабарланған болатын.

Естеріңізге салып өтсек, пәкістандық билік өкілдерінің мәліметінше, операция басталғалы бері бір айға жақын уақытта Газа секторында 1834 пәкістандық көз жұмған, оның басым дені бейбіт тұрғындар; шамамен 1,8 млн адам үйлерін тастап қашуға мәжбүр болды. Операция барысында 3 мыңнан астам үй жермен-жексен болып, ондаған жер асты туннельдері жойылған. Израиль әскерлері 64 жауынгерін жоғалтты.

Дереккөз: newskaz.kz

5 тамыз 2014, 09:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.