Атырау, 24 қараша 18:29
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қытайлық зауыттағы жарылыс кесірінен жаңа iPhone-ның шығу мерзімі шегерілуі мүмкін

1 776 просмотра

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай металлургиялық зауытындағы жарылыс салдарынан iPhone 6 заманауи смартфонының нарыққа шығу мерзімі кейінге шегерілуі мүмкін, деп хабарлады қытайлық TechWeb басылымы.

Куньшань қаласындағы  Kunshan Zhongrong Metal Products Co., Ltd компаниясының өңдеу цехінде жарылыс болған. Алдын ала болжам бойынша, жарылысқа оталғыш заттар себеп болған. Бұл оқиға 75 адамның өмірін қиды.

Жарылысқа байланысты Қытай билік өкілдері алюминийді өңдейтін зауыттардың ісін уақытша тоқтатып, ондағы қауіпсіздік шараларының сақталуын тексеру шешімін қабылдады. 
Тексерілетін зауыттардың қатарына Apple-дің қытайлық мердігерлерінің бірі - Foxconn компаниясы ілікті. Бұл iPhone 6 шығару мерзімін кейінге шегеруі мүмкін. Қытайлық Xiaomi 4 және MX4 смартфондарының шығу мерзімі де артқа жылжуы ықтимал, деп хабарлады Лента.ру.

Apple қыркүйек айында iPhone-ның екі жаңа смартфонын - экран диагоналі 4,7 және 5,5 дюймді түрін шығарады деп күтілуде. БАҚ хабарлағандай, Apple 30 желтоқсанға дейін мердігерлерге жаңа iPhone-дарды рекордтық көлемде тапсырысын берген (70-тен 80 млн. дана).  

Дереккөз: inform.kz

5 тамыз 2014, 09:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.