Атырау, 21 желтоқсан 12:11
 ашықВ Атырау 0
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Енді «жан сақтау» ойындары болады

2 332 просмотра

3 тамызда «Судоремонтник» стадионында «Атырау» футбол командасы Алматының «Қайратынан» 3:0 есебімен ұтылып қалды.

Алғашқы голды ойынның 23-минутында алматылықтардың ивуарлық легионері Гоу ЖЕРЕР соқты. Ал 86-минутта Станислав ЛУНИННІҢ бағыттаған добы алаң иелерінің қорғаушысы Ренат АБДУЛЛИННІҢ аяғына тиіп, қақпаға дарыса, матчтың соңғы минуттарында Асылан ДАРАБАЕВ алыстан соққы бағыттап, есепті еселеді. 

Чемпионаттың бірінші кезеңінен кейін «Атырау» 10-орынға түсіп қалды, яғни, екінші кезеңде турнир кестесіндегі екінші алтылық Премьер-лигада қалу үшін «жан сақтау» ойындарын өткізеді. Чемпионаттың қорытындысы бойынша соңғы қалған екі команда турнирден кетеді. Егер семейлік «Спартак» үшін енді үміт жоқ болса, «Тараз» бізге әлі де болса бәсекелестік көрсете алады.  

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

4 тамыз 2014, 16:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.