Фото: AFP Фото: AFPАстана. 4 тамыз. Baq.kz – Израильдің әскерилері дүйсенбі күні Газа секторында болып жатқан қарулы операцияны жеті сағатқа тоқтататынын мәлімдеді.
Ресми мәлімдемеде айтылғандай, Газаның бейбіт тұрғындарына гуманитарлық көмек жеткізіліп, босқындардың өз үйлеріне оралуына осынша уақыт жететін көрінеді.
Израиль тарапынын "рақымшылығы" жергілікті уақытпен таңғы 10.00-де басталады.
Алайда, Газаның оңтүстігіндегі Рафах қаласының маңында болып жатқан қарулы қақтығыстар тоқтатылмайды делінген Израиль қорғаныс министрлігі.
Дереккөз: baq.kz