Атырау, 24 қараша 18:33
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

БҰҰ малайзиялық ұшақ апатын әскери қылмысқа теңестірді

2 574 просмотра

Фото: РИА Новости. Михаил ВоскресенскийФото: РИА Новости. Михаил ВоскресенскийУкраинаның шығысында апатқа ұшыраған малайзиялық "Боинг" ұшағы экипажының сөздерін тіркейтін қара жәшікті алдын ала талдау апат алдында штаттан тыс жағдай болмағанын анықтады. Бұл туралы РБК The New Sunday Times-ке сілтеме жасап жазады.

Халықаралық тексеру барысымен таныс дереккөздің хабарлауынша, Ұлыбританияның авиациялық оқиғаларды тексеру басқармасы Boeing 777 ұшқышы мен экипаждың анықталмаған мүшесінің диспетчермен сөздерін зерделеді.

"Команда (апатты тексеру бойынша) естіген сөздерде онда ("Боинг" бортында) әдеттен тыс ештеңе болмаған. (Тіркеу  құралында) естілген соңғы дауыс ұшқыштікі емес. Ұшқыштар байқаған әдеттен тыс ештеңе болмаған", - деді басылым сұхбаттасушысы.

Дереккөз Boeing 777 апатының себептері туралы алғашқы нақты қорытындылар келесі аптада жарияланатынын қосты.

Еске сала кетсек, Амстердамнан Куала-Лумпурға МН17 рейсін орындаған Малайзия авиажелілерінің Boeing 777 ұшағы 17 шілдеде кешке апатқа ұшырады. Лайнер Донецк облысының Шахтер ауданындағы Грабово селосы маңына құлады. Борттағы 298 адамның бәрі қаза тапты. Апат құрбандарының көпшілігі - Нидерланды азаматтары.

БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Нави Пиллей ұшақты құрту әскери қылмыс деп санауды ұсынды.

АҚШ "Боинг" ұшағының апатқа ұшырауына өзін-өзі жариялаған Донецк халықтық республикасының жасақшыларын ресми айыптап отыр. "Біз "Малайзия авиажелілерінің" ұшағы жерден зымыранмен атып түсірілгенін білеміз. Біз  ол сепаратистер бақылап отырған аумақтан ұшырылғанын білеміз, сол сәтте украиндық Әуе шабуылынан қорғаныс жүйесі жұмыс жасаған жоқ", - деп мәлімдеді 26 шілдеде Ақ үйдің ресми өкілі Джош Эрнест.

Оның айтуынша, бұл қайғылы оқиғаға Ресей және ел президенті Владимир Путин тікелей қатысты. "Біз Ресей тарапынан Украинаға ауыр қару-жарақтар жеткізілгенін көрдік, оларды кейіннен Ресей қалай пайдалануды үйретілген сепаратистер пайдаланды. Бұл қару-жарақтардың арасында Әуе шабуылынан қорғану құралдары да болды. Әлеуметтік желілердегі хабарларға қарағанда, онда SA-11 кешендері ("Бук" деп аталатын) болған. Біз енді бұл қайғылы оқиғаға Владимир Путин мен орыстар кінәлі деген қорытынды жасаймыз", - деді Эрнест.

Ресей тарабы ұшақтың апатқа ұшыру себептерін айтуға ертерек деп атап өтті және халықаралық тексеру қорытындысын күтуді ұсынды. Қорғаныс министрлігі 21 шілдеде ресейлік нақты бақылау құралдарының байқаулары мәліметтерін жариялады. Олар 17 шілдеде Malaysia Airlines авиакомпаниясының Boeing 777 жолаушылар ұшағының маңында украин ӘӘК шабуылшы ұшағы болғанын тіркеген. Алдын ала мәлімет бойынша Су-25 ұшағы малайзиялық лайнер жаққа ұшып бара жатқан, деп хабарлады брифингіде РФ Қарулы күштері Бас штабының бас жедел басқару басқармасының бастығы, генерал-лейтенант Андрей Картаполов.

"Украина ӘӘК ұшағы биіктеп бара жатқаны тіркелді, оның малайзиялық Boeing ұшағынан арақашықтығы 3-5 шақырымдай", деп қосты Картаполов. Ол украин әскери ұшағы неге азаматтық кемелер трассасымен ұшады, деді.

Қорғаныс ведомствосының өкілі украин армиясында ұшақ құлаған аудан ӘШҚ құралдарымен жарақтанғаны туралы Ресейде ғарыштық суреттер бар екенін айтты.

Ұшақтың апатқа ұшырауының себептері туралы ресми нұсқа әзірше жарияланған жоқ, алайда 27 шілдеде американдық CBS  телеарнасы  тексеру шараларына жақын дереккөзге сілтеме жасап, лайнердің зымыранның көптеген жарқыншақтарымен бүлінгенін хабарлады.

Дереккөз: nur.kz

4 тамыз 2014, 10:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.